ДЖЕНАЛИЕВ Мувашархан Танабаевич / / [25.01.1947 - ..]Жиенәлиев Мувашырхан Таңабайұлы - ҚР БҒМ Математика институтының директоры міндетін атқарушы. Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер теориясы мен оны басқарудың математикалық есептеріне қолданыстары саласының белгілі маманы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. М.Т. Жиенәлиев Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ақтөбе (қазір Төлеби шаруашылығы) бөлімшесінде туған.1965 - 1971жж. - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институт студенті.1971-1976 жж -ГПИ "Проектмонтажавтоматика" Қазақ бөлімшесінде (Алматы) біртіндеп инженер, аға инженер, жобалау тобының жетекшісі болып қызмет атқарады.1976-1980 жж - аспирантура (ҚазМУ); 1982 ж. - кандидаттық диссертация, 1994 ж. докторлық диссертация қорғаған, 1996 ж. "Профессор" ғылыми атағын алған. Оның ғылыми жетекшілігімен 2 докторлық және 6 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Екі қыз және ұлы бар. |