"Оралманы - наши родственники, братья, но...". В Астане на первом заседании клуба "Эксперт" 12:45 10.10.2011
Айтылған әңгімеден "астар" іздеп жүргендер кім?
Жақында ғана Астанада "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен құрылған "Сарапшы" клубының алғашқы отырысында мұнайлы өңір Маңғыстауда соңғы кездері қалыптасқан кейбір жағдайлар жан-жақты сөз болып, оған қатысқан депутаттар, ғалымдар мен кәсіпкерлер өз ойларын ашық білдірді. Алайда осы басқосуда "Тимур Құлыбаев оралмандарға қатысты қатқылдау пікір білдіріпті" деген әңгіме айтыла бастады. Ал шын мәнінде ағайын арасында алауыздық тудыратындай не айтылды? Мәселенің мәнісін білу үшін біз жиынның модераторы, саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов пен Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханды сөзге тартқан едік: Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, саясаткер: - Ол жерде әңгіме негізінен оралмандарды көтермелеу туралы болды. Бұл - шындық. Өз басым елімізде оралмандар проблемасы барын жоққа шығармаймын. Ал пікірталас барысында қайта олардың ұйымдаса түскенін, талаптарды дұрыс қоя білетіндігі, олардың салауатты өмір салтын ұстанатындығы, тәртіпті екендігі айтылды. Ал қазір ұрандап жүрген адамдар арзан ұпай жинап жүргендер деп есептеймін. Оралмандар өз ағайындарымыз, бауырларымыз екендігін білеміз. Тимур Құлыбаев қайта оларды көтермелеп жіберді. Өзім сол жиынды жүргіздім, бәрін естідім. Сол әңгіменің куәгері ретінде айтарым, әңгіме қандай контексте айтылғанын ой елегінен өткізуіміз керек. Шынын айтқанда, Жаңаөзеннің мәселесін ашық түрде талқылауға осындай деңгейдегі басшылардың ішінде тек ғана Тимур Құлыбаев дайын болды. Оны дұрыс бағалаудың орнына кейбір жастарымыз өзінше білгішсініп мәселені шиеленістіріп жатқан сияқты. Бекболат ТІЛЕУХАН, Мәжіліс депутаты: - Осы пікірталас барысында қатты назар аударатындай жағдайды байқаған жоқпын. Жалпы, оралмандардың атына айтылған ауыр сөз естіген жоқпын. Екіншіден, осы Маңғыстаудағы мәселенің шешілгенінен гөрі, шешілмегеніне мүдделі азаматтар бар секілді көрінеді. Барлық жағдайды түсінуге тырысып, шешуге ұмтылған адамның аузындағы сөзін бағып, оның арғы жағындағы жағдайдың шешілгенінен шиеленіскеніне мүдделі болып сөйлеудің төркінінде не жатқанын мен білмеймін. Мен оралмандар мәселесіне ұдайы назар аударып келе жатқан депутаттардың бірімін. Елге келген азаматтардың бір бөлігі, 100 пайыз демей-ақ қояйын, 90 пайызы маған келеді. Жалпы, оралман деген ол елге келгенде ғана оралман екендігін айтқанымыз жөн. Олар төлқұжат алған соң оралман емес, елдің қарапайым азаматы. Сондықтан кейбір мәселелерде шиеленісіп тұрған ештеңе көрмедім. Ал Тимур Құлыбаевтың аузынан оралмандарды масқаралайтындай сөз шыққан жоқ.
Материалы по теме (перевод):
Кто ищет в сказанном ...не прозучвчавшее?
Недавно в Астане на первом заседании клуба "Эксперт", созданного по инициативе председателя правления АО "Самрук-Қазына" Кулибаева Тимура, депутаты, ученые и предприниматели, принимавшие участие в заседании, откровенного обсудили проблемы, сложившиеся в последние время в нефтяном регионе Мангистау. Однако, некоторые сочли, что в ходе этой встречи было высказано, что, мол, "Тимур Кулибаев жестко выразился касательно оралманов". В действительности, что было высказано? Для того, чтобы выяснить этот вопрос, мы обратились к модератору заседания политологу Нурлану Еримбетову и участнику известного собрания, депутату Мажилиса Бекболату Тлеухану.
Нурлан ЕРИМБЕТОВ, политолог: - Там было сказано, в основном, об оказании помощи оралманам. Это - правда. Я сам не могу отрицать, что у нашей стране нет проблем оралманов. А в ходе дискуссии было сказано, что они организованные, правильно ставят требования, придерживаются здорового образа жизни, дисциплинированные. Я думаю, что те люди, которые распространяют слухи, зарабатывают дешевый авторитет. Мы знаем, что оралманы - наши родственники, братья. Тимур Кулибаев наоборот их поддержал. Я сам вел это заседание, все слышал. Как свидетель того разговора могу сказать, что надо изучить в каком контексте было высказано мнение. Действительно, на таком уровне среди руководителей только Тимур Кулибаев был готов обсуждать проблему Жанаозена открыто. Вместо того, чтобы правильно оценить это, некоторая часть нашей всезнающей молодежи только осложняет этот вопрос.
Бекболат ТЛЕУХАН, Депутат Мажилиса: - В ходе данной дискуссии я не видел ничего подобного, на что можно заострить внимание. В общем, не слышал обидных слов в адрес оралманов. Во-вторых, мне кажется, есть граждане которые заинтересованы в эскалации проблем в Мангистау, чем их разрешения. Я не могу понять зачем караулить каждое слово из уст человека, который пытается понять сложившееся положение и стремиться помочь, что кроется в выступлениях лиц, заинтересованных не в разрешении спора, а в его обострении в дальнейшем. Я один из депутатов, который постоянно обращает внимание на проблемы оралманов. Часть граждан, возвращающихся на родину, не могу сказать, что 100 процентов, но процентов 90, приходят ко мне. В общем, наверное, правильно будет говорить "оралман" - он называется оралманом, только в момент возвращения в страну. После получения паспорта они не оралманы, они - обыкновенные граждане страны. Поэтому в некоторых вопросах не вижу никакого напряжения. А из уст Тимура Кулибаева не услышал никаких слов, которые оскорбили бы оралманов.
По материалам сайта "Тенгриньюс" и газеты "Айкын" (07 октября 2011)
|